І. Жалпы ережелер
1.1. «Мектепке жол» республикалық акциясы Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету ту.ралы тапсырмасын орындау үшін өткізіледі.
ІІ. Мақсаттар мен міндеттер
2.1. Акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
2.2. Акцияның міндеттері:
– мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту;
– міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
– оқымайтын немесе мектепке бармайтын мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;
-мектептен «шығып кетуге», дәлелсіз себептермен сабақтарға қатыспауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
– міндетті жалпы орта біліммен қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдарының қызметі туралы тұрғындарды хабардар ету;
– мектепке балаларды жинау бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсету жөнінде нақты шараларды әзірлеу және оны іске асыру;
-жалпы оқыту проблемаларын шешуде және аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсетуде ведомствоаралық іс-қимылды, сондай-ақ білім беру органдарының мемлекеттік емес құрылымдармен, оның ішінде қоғамдық, жекеменшік ұйымдармен және меценаттармен іс-қимылдарын жандандыру.
ІІІ. Акцияның ұйымдастырушылары
3.1. Акцияның ұйымдастырушылары:
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
– Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
-Ақпарат және мұрағат комитеті
– Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары
– Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
3.2. Білім беру органдарының жанынан өңірлік және аудандық деңгейлерде балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет және ақпарат органдарының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен акцияларды өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылады.
ІV. Акцияны өткізу орны мен уақыты
4.1. Акция жылына бір рет 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында барлық типтегі және үлгідегі мектептерде, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарында, басқа да мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі.
4.2. Акция үш кезеңде өткізіледі:
1) мектептік кезең (барлық типтегі және үлгідегі мектептерде);
2) аудандық, қалалық, облыстық, Астана және Алматы қалалық;
3) қорытынды-талдау.
4.3. Акцияның ресми ашылуы мен жабылуы аудандық, облыстық деңгейде стадиондарда, алаңдарда, спорт залдарда, мәдениет үйлерінде және т.б.көлемді іс-шаралар нысанында өткізіледі.
4.4. Акцияның басталуы мен аяқталуы облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында жетекші БАҚ-тың, телеарналардың және акция іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге зор көмек көрсеткен серіктестердің қатысуымен баспасөз конференциясы нысанында өткізу ұсынылады.
4.5. Мектеп деңгейінде басты назар дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмысына және оларды тәрбиелеу, міндетті жалпы орта білім алу жөнінде шаралар қабылдауға аударылады.
V. Акцияның қатысушылары
5.1. Барлық ниет білдірушілер, мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы билік органдары, мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар шаруашылық ететін субъектілер, жеке тұлғалар, меценаттар, еріктілер және т.б акцияның қатысушылары бола алады.
5.3. Көрнекті қоғам қайраткерлерінің, спорттық, мәдени, ғылыми қоғамдастықтардың, эстрада, теледидар, радио, кино, спорт, өнер (суретшілер, композиторлар, ақындар, жазушылар, т.б.) жастар қозғалысы мен мәдениет (балалар мен жастар қозғалысының көшбасшылары, ди-джейлер, музыкалық топтар, рэп-командалар) жұлдыздарының қатысуы міндетті.
«Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылардың ұсынылатын функциялары
1. 1. Білім басқармасының немесе органының өкілі (білім беру жүйесін басқарушылар – бас мамандар)
· Мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету саласындағы заңнамалық-нормативтік және концептуалдық құжаттарды айқындайды.
· Әкімдіктің акцияны ұйымдастыру және өткізу, ұйымдастыру комитеті мен акцияның іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешімінің жобасын дайындайды.
· Мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша стратегиялық, концептуалдық, бағдарламалық-нұсқаулық, өкімгерлік құжаттар түрінде төменгі білім беру органдары мен ұйымдарына командалық ақпарат беруді жүзеге асырады.
· Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қайырымдылық қызметті жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге ықпал етеді.
· Басқаруындағы аумақтағы қайырымдылық қызметінің барысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, нәтижесін болжайды және оларға қол жеткізудің тәсілдерін айқындайды.
· Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға көрсетілетін қайырымдылық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді.
·
2. Білім беру мекемесінің басшысы (мектеп директоры)
· «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылық жасайды.
· «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын нормативтік-құқықтық алып жүруді айқындайды.
· Мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін мәслихаттармен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен, жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырады.
· Әлеуметтік қорғалмаған отбасыға әлеуметтік көмек алуға арналған құжаттарды ресімдеуге құқық қорғау жүйесінің қызметкерлерімен бірлесіп заңды көмек көрсетеді.
· Әлеуметтік қорғау бөлімімен бірлесіп, жұмыссыз ата-аналарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді, оларды жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту орталықтарындағы ақысыз курстарға белгілейді.
· Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырады.
· Мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
· Қайырымдылық акциясының барысына және білім бөліміне «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасының уақытылы ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
· Жалпы басшылықты және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бақылау-диагностикалық қызметті жүзеге асырады.
· Әлеуметтік қорғалмаған балаларға демеушілік қаражаттардың:
– мәслихат қаражаттары – әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға;
– әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінің қаражаттары – жетім балаларға, қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы балаларға;
– құқық қорғау жүйесі, денсаулық сақтау мекемелерінің қаражаттары – аз қамтамасыз етілген және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға;
– жеке кәсіпкерлердің қаражаттары – тұрмысы қолайсыз және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына бөлінуін қамтамасыз етеді.
· Мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінің сынып ұжымының қызметін бағалайды.
· Қайырымдылық акциясы туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) ресімдеуге көмек көрсетеді және ықпал етеді.
· Мониторингтік қызметті жүзеге асырады, білім бөліміне «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. Әлеуметтік педагог
· Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санатының деректер банкін айқындайды.
· Мектептің әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.
· Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексереді.
· Қоғамдық ұйымдармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.
· Мұқтаж балалар үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.
· Мұқтаж балаларға ыстық тамақ пен тегін оқулықты қоса алғанда, түрлі материалдық көмек алуға ықпал етеді.
· «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысы және қорытындылары туралы көрнекі үгіт-насихаттардың нысанын айқындайды және басып шығаруды жүзеге асырады.
· «Мектепке жол» акциясының барысы және қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
· Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
2.5. Сынып жетекшісі
· Сыныптағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балалардың санаттарын анықтайды.
· Сыныптың әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.
· Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексереді.
· Ата-аналар жұртшылығының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуын қамтамасыз етеді.
· Сыныптағы әрбір білім алушының тегін ыстық тамақ пен оқулықтарды қоса алғанда, әлеуметтік көмек алуына ықпал етеді.
· Әлеуметтік педагогке «Мектепке жол» акциясы туралы есеп құжаттамасының уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Заңды және жеке тұлғалар
· Мектеп әкімшілігіне «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді көмек көрсетеді.
· Мектептің әлеуметтік педагогымен және психологымен бірлесіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеруге көмек көрсетеді.
· Халық, түрлі меншік нысанындағы ұйымдар арасында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының идеяларын насихаттауды қамтамасыз етеді.
· Билік органдарымен және әлеуметтік институттармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.
Акцияның мақсаты:
Оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.