Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 2034 хатына сәйкес үкімет басшысының мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы және аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендіру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жаппай біліммен қамту айлығы және«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізілді.
2019-2020 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіліп, қажет киімдер мен мектеп формалары, оқу- құралдары алынды.
Мектеп ұжымы мен мектеп демеушілігімен және қала білім бөлімінің берген демеушілігімен 215500 теңге қаражат көлемінде аз қамтылған және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы оқушыларына материалдық көмек көрсетілді.Сонымен қатар қала әкімінің демеушілігімен патронаттағы тәрбиедегі оқушыға көмек көрсетілді.
Жалпы оқыту қорынан 65 000 теңге бөлініп, жекеленген санаты бар 33 оқушыға оқу –құралдары алынды. 13 оқушыға демеушіліктің көмегімен оқу-құралдар, мектеп формалары және спорт киім, аяқ киім алынды.
2019 -2020 оқу жылында «Мектепке жол» акциясында әлеметтік қамсызданбаған отбасы оқушыларына 280500 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Әлеуметтік педагог: Жаппасбаева Г.Б.