Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Мерекелік шараға барлық Қостанай қаласының 1-5сыныптар мен 6-11 сынып аралығындағы 16 оқушы  қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар арасында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

          Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты облыс әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына қатысушылардың назарына арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды. Сәні мен салтанаты жарасқан мереке барысында бас кейіпкер Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер кештің көркін қыздырды. Өз кезегінде бүлдіршендер де мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады.

         Мерекелік кеш барысында қала білім бөлімінің басшысы  бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, облыс әкімінің атынан кішкентай қонақтарға балмұздақтар табыс етті.

Сонымен қатар «Santa bus» жаңа жылдық мерекелік іс-шараға аз қамтылған және көпбалалы отбасы оқушылары барды. Балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, тәтті сыйлықтар табыстады.

         Шаттық пен думанға толы жаңа жылдық шыршадан балақайлар үлкен әсермен қайтты.