Қостанайда ҚР Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға облыстың аудан, қалаларынан балалар барып, 4 «В» сынып оқушысы Есболатова Дария қатысты. Олар теледидар арқылы Президенттің құттықтауын тыңдап, Елбасыға алғыс айтты.
Президент шыршасына қатысқан балалар шетінен үлгілі, өнерлі оқушылар. Олар оқуда озат, спорт пен шығармашылық салаларында табыстарға қолжеткізген дарынды шәкірттер. Жаңа жылдық кеште балаларға планшет, кітап, әртүрлі тәттілер берді.
Мерекелік іс – шарадан соң балалар мейрамханадан түскі ас ішіп, үйлеріне қайтты.
Мерекелік шырша, мерекелік декорациялар мен кейіпкерлердің костюмдері қойылымға ерекше сиқыр беріп, балаларға керемет әсер қалдырды.