Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 10 ЖББМ кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында мектеп оқушылары кітапханаға кітаптарды сыйға тартуда. Ең алғашқылардың қатарында болып кітап сыйлау акциясына қатысқан 8 а, 6 а, 7 б, 10 в, 2 б, 2 г, 3 в, 4 а сынып оқушыларын мақтанышпен атап өткіміз келеді.
Сыйға тартылған кітаптар классикалық оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылады. Бұл сыйланған кітаптар кітапхана қорын толықтырады. Ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігі, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығы баршаға аян. Жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырамыз.
Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, мектеп кітапханасы қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!
Акция жалғасуда.
#балаларкітапханасы10
#оқуғақұштарлық10
#оқуғақұштармектеп10
#кітапсыйлаакциясы10
#біртұтас_тәрбие10









