Ата-аналар мен оқушылар назарына!

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 04.02.2022ж. күнгі №08-07/601 хатына сәйкес төмендегі ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы Конвенцияның 3-бабына сәйкес балаларға қатысты барлық іс-әрекеттерде баланың мүдделерін барынша қамтамасыз етуге бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Респбликасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңның 5-бабына сәйкес баланың құқықтарын шектеуге болмайды. «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына 11-тармағына сәйкес, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғына) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға міндетті. Жүзеге асыру кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға  арналған жабдықтың (құрылғының) міндетті түрде болуы көзделген жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 қаулысымен бекімілген және қызметтің 14 түрінен тұрады, оның ішінде: «мейрамхан қызметтері, тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге де түрлері және сусындар беру».

Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 195-бабы)

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру…» 108-тармағына сәйкес, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10%  мөлшерінде төмендету көзделеді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 04.02.2022ж. күнгі №08-07/601 хатына сәйкес, жоғарыда айтылғандарды ескере келе жеткізуші жеке кәсіпкер Л.В.Хоменкоға ұсыныс хат жолданды. Алдағы уақытта осы талаптардың орындалуы мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алынды.