Мақсаты: оқушылардың денсаулықтарын сақтау, салауатты тамақтандыруды ұйымдастыру, мектеп асханасында оқушылардың тамақтану тәртібін жүйелеу.
Мерзімі: қаңтар, 2020жыл.
Бақылаушы: ДТІЖО Койтбаева З.А.
Бақылау әдістері: оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу көлемін бақылау, бракераждық комиссия жұмысының құжаттарын тексеру, сынып жетекшілердің есептерін тексеру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының 43-ші бабының 3 тармағының 11 тармақшасына, 45 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 48 бабына сәйкес, ҰҰБ Балалар құқықтары Конвенциясының 24 бабына сәйкес мектепалды және 1-11 сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатынының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі №383 бұйрығы негізінде оқушылардың тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын өнім беруші жеке кәсіпкерлер ЖК «Хоменко».
Жалпы мектеп бойынша бірінші жарты жылдықта ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың саны: 713, тегін тамақтанатын оқушылардың саны 45 бала. «Жеке кәсіпкер» демеушілігімен 6 оқушы тамақтанады.
1 жарты жылдық бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу қорытындысы
Сынып | Ыстық тамақ | |||||
саны | қамтылды | % | Тегін (бюджет) | Қамқ.акциясы | Жеке кәсіпкер демеушілігімен | |
1 А | 22 | 22 | 100 | 1 | 0 | 2 |
1 Б | 22 | 22 | 100 | 0 | 0 | 0 |
1 В | 21 | 21 | 100 | 3 | 0 | 1 |
2А | 23 | 23 | 100 | 1 | 0 | 1 |
2 Б | 23 | 23 | 100 | 0 | 0 | 0 |
2 В | 24 | 24 | 100 | 3 | 0 | 0 |
3 А | 24 | 24 | 100 | 2 | 0 | 0 |
3 Б | 24 | 24 | 100 | 2 | 0 | 0 |
3 В | 24 | 24 | 100 | 1 | 0 | 1 |
4 А | 27 | 27 | 100 | 0 | 0 | 0 |
4 Б | 24 | 24 | 100 | 1 | 0 | 0 |
4 В | 25 | 25 | 100 | 2 | 0 | 1 |
5 А | 23 | 23 | 100 | 0 | 0 | 0 |
5 Б | 24 | 24 | 100 | 2 | 0 | 0 |
5 В | 23 | 23 | 100 | 3 | 0 | 0 |
6 А | 26 | 26 | 100 | 2 | 0 | 0 |
6 Б | 26 | 26 | 100 | 0 | 0 | 0 |
6 В | 26 | 26 | 100 | 1 | 0 | 0 |
7 А | 26 | 26 | 100 | 0 | 0 | 0 |
7 Б | 24 | 24 | 100 | 2 | 0 | 0 |
8 А | 23 | 23 | 100 | 3 | 0 | 0 |
8 Б | 25 | 25 | 100 | 3 | 0 | 0 |
9 А | 28 | 28 | 100 | 4 | 0 | 0 |
9 Б | 26 | 26 | 100 | 2 | 0 | 0 |
9 В | 27 | 27 | 100 | 1 | 0 | 0 |
10 А | 31 | 31 | 100 | 0 | 0 | 0 |
10 Б | 30 | 30 | 100 | 2 | 0 | 0 |
11 А | 26 | 26 | 100 | 2 | 0 | 0 |
11 Б | 16 | 16 | 100 | 0 | 0 | 0 |
Барлығы | 713 | 713 | 100% | 43+2(МДС) | 0 | 6 |
Мектепте тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп қадағалайтын мектеп медбикесі Абдигалиева К.Н.
Әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. тегін тамақтанатын оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтануын бақылайды.
Мектепте 1-11 сынып оқушылары мен МДС тәрбиеленушілері күніне бір реттік ыстық және буфеттік тамақтанумен қамтылған. Тамақтану оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1-11 сыныптардың тамақтану кестесі
№ | Үзілістің уақыттары | Тамақтанатын сыныптар | Тамақтанатын уақыттары |
І-ші кезең | |||
1 | 2 сабақтан кейін | 1-4 сыныптар | 09.55-10.15 / 20 минут / |
2 | 3 сабақтан кейін | 5-11 сыныптар | 10.55 – 11.15 / 20 минут / |
МДС сыныптардың тамақтану кестесі
№ | Тамақтанатын сыныптар | Тамақтанатын уақыттары |
1 | МДС «А», «Б» | 09.00-09.20 / 20 минут / |
Мектеп әкімшілігі және мұғалімдері кезекшілік кестеге сәйкес, сыныптар кезекшілік кестесіне сәйкес асханада оқушылардың тамақтануын, тәртіп сақтауын бақылау жүргізеді.
Мектеп асханасының жұмысын, оқушылардың ыстық тамақпен сапасы және уақытылы қамтылуын мектеп бракераждық комиссиясы бақылайды. Бракераждық комиссия мектептің 2019 жылдың 02 қыркүйегінде бекітілген «2019-2020 оқу жылында бракераждық комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы» №387 бұйрығы негізінде құрылды. Бракераждық комиссияның Ережесі мен жоспары бекітілген. Комиссия төрағасы ДТІЖО Койтбаева З.А., комиссия мүшелері медбике Абдигалиева К.Н., әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б., ата-аналар төрайымы Бексеитова Д.С. және кәсіподақ төрайымы Айткужиева Р.А. кіреді. Комиссия мүшелері айына екі рет асхана жұмысын бақылайды. Комиссия азық-түліктерді өңдеуіне бақылау, дайындалған тамақтың сапасына, оқушылардың тамақтануының ұйымдастырылуына, СанПиннің нормаларының орындалуын бақылайды. Тексеріс нәтижесі хаттамаға енгізіледі.
Мектеп асханасында 300 орын бар. Жиһаздар талаптарға сай. Жалпы асханасының санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстардың жай-күйі, ас дайындайтын, оқушылардың тамақтанатын және азық-түліктерді сақтайтын бөлмелер таза.
Оқушыларға арналып қайнатылған су тұрады. Ата-аналарға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар. Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған.
Мектеп медбикесі Абдигалиева К.Н. күнделікті алынған азық-түліктің сапасына, көлеміне, технологиясының сақталуын бақылау, бракераждық журналына енгізеді.
Ұсыныс:
- Сынып жетекшілері асханада тамақтану ережесімен сынып оқушыларын қайта таныстырып, ереженің орындалуын ұйымдастырсын. /Жауапты: 1-11 сынып жетекшілері; мерзімі: үнемі/
- Сынып сағаттарында салауатты тамақтанудың пайдасы кеңірек қарастырылсын. /Жауапты: 1-11 сынып жетекшілері; мерзімі: жыл бойы/
Анықтаманы жазған: ДТІЖО Койтбаева З.А.