Мектепте оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру

Мектепте оқушылардың білім алуы, сабақтың өту сапасына ғана емес, тамақтануды ұйымдастыру деңгейіне де байланысты. Себебі, уақытылы және дәмдә ас ішу, оқушының көңіл-күйіне ғана емес, ми қызметіне және сабақты меңгеруіне де жағымды әсер етеді.

Білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру – бұл білім алушылардың білім беру ұйымында болу уақытында оларға тамақтануды қамтамасыз ету бойыншақызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасау.

Тамақтануды ұйымдастыру жұмысының мақсаты: оқушылардың сапалы және уақытылы ыстық тамақпен қамтылуын және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушылардың тегін тамақпен қамтыл сапасын бақылау, ыстық тамақпен қамтылу көлемін ұлғайтуға, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша өнім беруші «Нурмухамеда М.А.» ЖК қызмет көрсетеді.