Мерзімі: 13.09.2023 жыл
Комиссия құрамы:ДТІЖО Койтбаева З.А., медбике Қиясова Қ.Қ., Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кудербекова А.С., әлеуметтік педагог Исмаилова Г.С., кәсіподақ төрайымы Айткужиева Р.А.
Тексерістің негізі: оқу жылының басындағы оқушыларды тамақтандыру сапасын бақылау туралы бракераждық комиссияның ережесіне сай.
Тексеріс мақсаты:
- Перспективалық мәзірге күнделікті мәзір мен дайын астың сәйкестігін тексеру;
- Өнімдердің сақтау мерзіміне сәйкестігін сақталуды тексеру, сертификаттарды қарау;
- Асхананың дезинфекциялық сұйықтықтармен қамтамасыз етілуі, нормалардың ілінуін тексеру;
- Дайын өнім салмағының номаға сәйкестігі;
- Дайын өнімнің дәмінің органолептикалық талаптарға сай болуы;
- Сумен қамтамасыз ету жүйесінің сақталуы.
Тексеріс барысында комиссия анықтады:
- Асханадағы ас мәзірі бекітілген перспективалық мәзірге сай.
- Берілген дайын өнім күнделікті ас мәзірге сай:
Сүйек бульонындағы борщ
Сүзбе қосылған бәліш
Балмен шай
Нан
- Қойма мен ас дайындайтын бөліктегі өнімдердің сақталуы талапқа сай.
- Тағамның ассортименті кең, тамақтың сапасы бекітілген нормаға сай.
- Дайын өнім мен асханаға алынатын өнімдердің сапасын асхана меңгерушісі мен медбике тексеріп, бракераж журналына енгізеді.
- Өнімдер арнайы қоймалық бөліктерде сақталады.
- Сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімдер анықталмады.
- Асхана мен ас дайындайтын бөлік санитарлық нормаға сәйкес дезинфекцияланады.
- Дайын өнімді өлшеу барысында сәйкестік анықталды.
Тексеріс бойынша қорытынды:
- сынып жетекшілер ата-аналар мен оқушылар арасында дұрыс тамақтану туралы насихатты жүргізуді жалғастырсын;
- бракераждық комиссия дайын өнімді тексеру бойынша жұмысты жалғастырсын;
- асхананың жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
Комиссия мүшелері:
Койтбаева З.А.
Қиясова Қ.Қ.
Кудербекова А.С.
Бекбусинова Г.Г.
Айткужиева Р.А.