Мектеп асханасы жұмысы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру…» 108-тармағына сәйкес, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету көзделеді.
Ыстық тамақ бағасы барлық жас санат үшін — 380 тг. Ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде 10% төмендетілген бағасы 342 тг.





