Ыстық тамақтануды ұйымдастыру бойынша анықтама

Койтбаева З.А.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты:  Мектепте тамақтану жүйесін ұйымдастыру мен мектеп асханасының оқушыларды тамақтандыру сапасын бағалау.

Мерзімі: 25.08.2022 жыл.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының 43-ші бабының 3 тармағының 11 тармақшасына, 45 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 48 бабына сәйкес, ҰҰБ Балалар құқықтары Конвенциясының 24 бабына сәйкес,  Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 359 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес мектепалды және 1-11 сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды жүйелеу мақсатында 2022 жылдың 25 тамызы күні өткен №1 Педагогикалық кеңесте «Мектеп асханасында тамақтану ережесі» бекітілді.

ЖК Хоменко Л.В. мен мектеп арасындағы іс-әрекеттер 2022 жылдың 29 наурыз күні жасасқан №33 келісімшартына сәйкес реттеледі.

2022-2023 оқу жылының басталуына орай мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 22. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Сүлеймен А.Н. бақылайды.

Мемлекеттік бюджет есебінен тамақтанбайтын оқушылар, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» белгілеген баға бойынша күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі:

6 (7)-10 жас – 380 тг;

11-14 жас – 380 тг;

15-18 жас –380 тг.

Ыстық тамақпен қатар буфеттік тағамдар сатылады. Бір реттік буфеттік тағамның орташа құны 200 теңгеден аспайды.

Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.

Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін кіші әкімшілік қатарынан кезекшілік құрылған.

Мектеп асханасында 300 орын бар. Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі санитарлық талапқа сай.

Оқушыларға берілетін тамаққа күнделікті бақылауды медбике Қ.Қ.Қиясова жүргізеді және нәтижесін келесі журналдарға енгізеді: «Азық-түлік бракераж журналы»(Журнал бракеража пищевых продуктов и продовольственного сырья), «С-витаминизация журналы», «Дайын тамақтың сапасын бақылау журналы».

Мектеп асханасының жұмысын бақылау және оқушылардың тамақтану деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында 2022 жылдың 2 қыркүйегі күнгі «2022-2023 оқу жылында бракераждық комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес Бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылды.

Комиссияның құрамына ДТІЖО, ата-аналар комитетінің төрайымы, әлеуметтік педагог, медбике, мектеп кәсіподағының төрайымы кіреді. Комиссияның жұмысы Бракераждық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

Бракераждық комиссия айына 1 рет асхана жұмысын бақылап, нәтижесі акт түрінде рәсімделеді.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу көлеміне мониторинг жүргізіліп отырылады

Ұсыныстар:

  1. Сынып сағаттарында салауатты тамақтанудың пайдасы кеңірек қарастырылсын.