Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету туралы. Жиналыс барысында мектеп директоры Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 04.02.2022ж. күнгі №08-07/601 хатына сәйкес ақпараттармен таныстырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру…» 108-тармағына сәйкес, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету көзделеді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 04.02.2022ж. күнгі №08-07/601 хатына сәйкес, жоғарыда айтылғандарды ескере келе жеткізуші жеке кәсіпкер Л.В.Хоменкоға ұсыныс хат жолданғаны туралы, алдағы уақытта осы талаптардың орындалуы мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алынғаны туралы ақпарат берілді.
