Мерзімі: 05.09.2019ж.
Қатысты: 5 адам
Күн тәртібінде:
- Бракераждық комиссия Ережесімен таныстыру.
- 2019-2020 оқу жылына арналған Бракераждық комиссия жұмысының жоспарын бекіту.
Тыңдалды: ДТІЖО Койтбаева З.А. 2019 жылдың 02 қыркүйегінде бекітілген «2019-2020 оқу жылында бракераждық комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы» №387 бұйрығымен таныстырып өтті. Бракераждық комиссияның құрамы төмендегіше бекітілді: ДТІЖО Койтбаева З.А., әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б., ата- аналар комитетінің төрайымы Ахметова А.М., медбике Утепкалиева Ж.Б., мектеп кәсіподағының төрайымы Айткужиева Р.А.
Бракераждық комиссия құқылы:
- азық-түлікті тасымалдау, асханаға кіргізу барысында санитарлық-гигиеналық нормаларға сай болуын бақылау;
- ас дайындайтын бөлікте жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау;
- дайын тамақтың сақтау және жүзеге асыру (сату) мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- тамақтың балалардың физиологиялық қажеттіліктеріне сай болуын тексеру;
- ас дайындайтын бөлікте жұмыс істейтін жұмыскерлердің жеке гигиенасының сақтауын бақылау;
- азық-түліктің дайындау барысында салу көлемі мен дайын тамақтың шығу көлемін бақылау;
- дайын тамаққа органолептикалық бағалау жасау, яғни дәмі, иісі, консистенциясы және т.б.;
- дайын тамақтың оқушылардың санына сәйкес болуы;
- тамақпен улану мен асқазан-ішек ауруларының алдын алады;
- дайын тамақ бракеражы оқушыларға бергенге дейін 30 минут бұрын тексеріледі;
- бракераждық комиссия мүшелері жартылай фабрикаттарға, дайын тамаққа және кулинарлық тағамға бақылау жүргізу барысында СанПИН нормалары мен талаптарға сай бақылайды;
- дайын тамақты байқап көргеннен кейін, дайын тамақты бағалау нәтижесін бракераждық журналға жазып, оқушыларды тамақтандыруға рұқсат берілгеннен кейін ғана оқушыларға беріледі;
- тамақ дайындау технологиясы бұзылған жағдайда комиссия оқушыларға тамақты беруге рұқсат бермеуі тиіс, оны жетілдіруге немесе қайта өңдеуге жіберіледі;
- бракераждық бақылауды жүргізу үшін ас дайындайтын бөлімде таразы, тамақ өлшейтін термометр, қасық, шанышқы, пышақ, қайнатылған суы бар чайник, тарелка болуы қажет;
- тамақтың сапасы үшін жауапкершілік бракераждық комиссияның төрағасына, асхана меңгерушісіне (қызмет көрсететін), аспаздарға жүктеледі.
Екінші сұрақ бойынша сөз сөйледі:
ДТІЖО Койтбаева З.А. 2019-2020 оқу жылына арналған бракераждық комиссияның жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітуге ұсынды. Жоспарға өзгерістер мен түзетулер енгізуге болатындығын айтты.
Шешім қабылдады:
- Бракераждық комиссияның Ережесіне сай бракераждық комиссия жыл бойы тиімді жұмыс атқарсын;
- 2019-2020 оқу жылына арналған бракераждық комиссия жұмысының жоспары бекітілсін.
Бракераждық комиссияның хатшысы: Жаппасбаева Г.Б.