«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ бракераждық комиссиясы отырысының №2 хаттамасы

Мерзімі: 27.12.2019ж.

Қатысты: 5 адам

Күн тәртібінде:

  1. Мектеп асханасының 1 жартыжылдық бойынша есебі. ДТІЖО Койтбаева З.А.
  2. Бракераждық комиссия жұмысының 1 жартыжылдық бойынша қорытындысы. ДТІЖО Койтбаева З.А.

Тыңдалды:

Бірінші сұрақ бойынша сөзге шықты:

ДТІЖО Койтбаева З.А. мектеп асханасының жұмысын ұйымдастыру бойынша 1-ші жарты жылдықта атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының 43-ші бабының 3 тармағының 11 тармақшасына, 45 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 48 бабына сәйкес, ҰҰБ Балалар құқықтары Конвенциясының 24 бабына сәйкес мектепалды және 1-11 сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі №383 бұйрығы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды жүйелеу мақсатында 2019 жылдың 29 тамызы күні өткен №1 Педагогикалық кеңесте «Мектеп асханасында тамақтану ережесі» бекітілді.

ЖК Хоменко Л.В. мен мектеп арасындағы іс-әрекеттер 2019 жылдың 18 наурыз күні жасасқан №37 келісімшартына сәйкес реттеледі.

2019-2020 оқу жылы қазан, бойынша мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 31. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. бақылайды.

Мемлекеттік бюджет есебінен тамақтанбайтын оқушылар, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» белгілеген баға бойынша күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі:

6 (7)-10 жас – 222 тг;

11-14 жас – 235 тг;

15-18 жас – 257 тг.

Қыркүйек айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуы:

0-4 сыныптар – 66156 тг.;

5-8 сыныптар – 59455 тг.;

9-11 сыныптар – 40606 тг.

Жалпы: 166217 тг. жұмсалған.

Қазан айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуы:

0-4 сыныптар – 65712 тг.;

5-8 сыныптар – 63685 тг.;

9-11 сыныптар – 50886 тг.

Жалпы: 180283 тг. жұмсалған.

2019-2020 оқу жылының қараша айы бойынша мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 45. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. бақылайды.

Қараша айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуы:

0-4 сыныптар – 18 оқушы – 73260 тг.;

5-8 сыныптар – 16 оқушы – 71440 тг.;

9-11 сыныптар – 11 оқушы – 56026 тг.

Жалпы: 200726 тг. жұмсалған.

2019-2020 оқу жылының желтоқсан айы бойынша мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 45. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. бақылайды.

Желтоқсан айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуы:

0-4 сыныптар – 18 оқушы – 64380 тг.;

5-8 сыныптар – 16 оқушы – 60395 тг.;

9-11 сыныптар – 11 оқушы – 47802 тг.

Жалпы: 172577 тг. жұмсалған.

Жалпы мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылу пайызы – 92,9 %. Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.

Оқушыларға берілетін тамаққа күнделікті бақылауды медбике К.Н.Абдигалиева жүргізеді және нәтижесін келесі журналдарға енгізеді: «Азық-түлік бракераж журналы» (Журнал бракеража пищевых продуктов и продовольственного сырья), «С-витаминизация журналы», «Дайын тамақтың сапасын бақылау журналы».

Мектеп асханасының жұмысын бақылау және оқушылардың тамақтану деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегі күнгі «2019-2020 оқу жылында бракераждық комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы» №387 бұйрығына сәйкес Бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылды. Бракераждық комиссия кестеге сай бақылау жұмыстарын жүргізіп, тексеру қорытындысын жасап, актілер құрды. Тексеріс қорытындысына сәйкес ұсыныстарын жасап отырды.

Шешім қабылдады:

  1. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Бракераждық комиссия жұмысы кестеге сай жұмысын жалғастырсын.
  3. Мәзірге көкөністер мен жемістер қосу жұмысы жалғасын тапсын.

Бракераждық комиссияның хатшысы:                        Жаппасбаева Г.Б.