Балалық шақты қорғау – балалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу негізінде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық реттеу; қорғаншылық, қамқоршылық және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесін жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру. Балалардың және балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда мектепте 31 оқушы жалпы оқыту қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылады. Ал 17 оқушы демеушілер есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.