2019 жылдың қараша айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау және бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының 43-ші бабының 3 тармағының 11 тармақшасына, 45 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 48 бабына сәйкес, ҰҰБ Балалар құқықтары Конвенциясының 24 бабына сәйкес мектепалды және 1-11 сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі №383 бұйрығы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

ЖК Хоменко Л.В. мен мектеп арасындағы іс-әрекеттер 2019 жылдың 18 наурыз күні жасасқан №37 келісімшартына сәйкес реттеледі.

2019-2020 оқу жылының қараша айы бойынша мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 45. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. бақылайды.

Мемлекеттік бюджет есебінен тамақтанбайтын оқушылар, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» белгілеген баға бойынша күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі:

6 (7)-10 жас – 222 тг;

11-14 жас – 235 тг;

15-18 жас – 257 тг.

Қараша айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуы:

0-4 сыныптар – 18 оқушы – 73260 тг.;

5-8 сыныптар – 16 оқушы – 71440 тг.;

9-11 сыныптар – 11 оқушы – 56026 тг.

Жалпы: 200726 тг. жұмсалған.