Мектеп форма туралы ЕРЕЖЕ

Жалпы ата-аналар жиналысының шешімімен бекітілді

18.05.2016 ж.

Хаттама № 3

Мектеп форма туралы ЕРЕЖЕ

1. Оқушылардың сыртқы келбетінің жалпы қағидалары:

 1.1.  Ұқыптылық және тазалық:

 – киім таза, үтіктелген болу керек;    

– аяқ киім таза болу керек;

 –   сыртқы келбеті қоғамда жалпы қабылданған зиялы іскерлік стиль нормаларға сәйкес болу керек. Шаштары, беттері мен қолдары  таза  күтімді болу, қолданатын дезодорант сонымен қатар иіссулардың  иістері жеңіл болу керек. 

1.2.1. Киім мен аяқ киім қиюде мектепте сабақ өту кезінде тыйым салынады: 

 –  діни атрибутикасы бар киім(хиджаб, никаб)

  • спорттық киімдерде;

 –  демалуға арналған киімдер (шорты, толстовки, жиделер   символикамен .);

 –   жұқа, ішкі киім көрінетін блузкалар, белдемшелер,

 –  декольте тігілген көйлектер мен блузкалар (егер декольтеден төсі көрінетін немесе ішкі киімі көрінетін жағдайда);

 – жеңсіз көйлектер, майкалар, блузкалар жакетсіз немесе пиджаксыз; 

–    қысқа белдемшелер (белдемше тізеден 10 см жоғары);

 –  кіндігі мен арқасы көрінетін өте қысқа блузкалар;

  – теріден, тері орнында қолданатын, плащевка матадан тігілген киім;

 –  дене бітімін  анық көрсететін, тар шалбарлар, көйлектер мен белдемшелер;

 –   спорттық аяқ кимідер;

 –   “кантри” (казаки) стильде аяқ киімдер; ;

–   Биік платформадағы аяқ киім;

 –  кешке киетін туфли  ( бантпен, құс қауырсыны, ұлкен страздарымен, ж.б..);

 – өте биік каблукпен туфли (кабулктың биіктігі болу керек: 5-9 сынып қыздарына  4 см артық емес, 10-11 сынып қыздарына 6 см артық емес ) 

1.2.2. Шаштары:   

 – қыз балалардың ұзын шаштары  өрілген болу керек, орта ұзындығы  – резинкалармен немес заколкалармен жиналған болу керек);

–  ер балалар уақытында шаштарын қию керек (классикалық қысқартылған түрде);

– экстраваганттық  шаш қию және шаштарын өте анық, табиғатқа сай емес түстерге бояуға болмайды.

1.3. Маникюр және макияж:

– маникюр гигиеналық, түссіз ұсынылады;

–   декоративтік маникюрға,   кешкілік макияжға  тиым салынады;

–   шамалы түсті макияж бен маникюр тек ғана 10-11 сынып  бойжеткендеріне  рұқсат;

1.4. Киімге үлкен брош, кулон тағуға, үлкен сырға мен сақина киюге,  пирсинг тағуға тыйым салынады; 

2.  Мектеп формасына талаптар:

 2.1. Киімнің стилі зиялық,  іскерлік, классикалық.

 2.2. Мектеп формасы  салтанатты, күнделікті және спорттық киімдер болып бөлінеді.

2.3. Салтанатты міндетті  форма:

1-11  қыз балаларына

  • Күрте тәрізді тігілген  жағалы ақ блузка  көк түсті жилет немесе пиджак, белдемше клетка; колготкалар ақ немесе дене түсті, қоңыр түсті, галстук, туфли.  

1-11 сынып ер балаларына:

–   ер балаларға немесе ерлерге арналған ақ түсті  ұзын жеңді жиде  (рубашка), жилет  немесе пиджак, кең пішімді  тобықты жабатын шалбар, көк түсті, галстук  бордовый, көк, туфли.

2.4. Күнделікті форма: 

Ер балалар, бозбалалар

–  жилет немесе пиджак бірыңғай көк түсті,   қанық түсті емес   ұзын жеңді жиде (рубашка), галстук,   туфли;

– бір түсті көкпуловер, ( пуловер, жилет  суретсіз );

Қыз балалар, бойжектендер

-жилет немесе пиджак көк түсті, белдемше немесе кең пішімді,   тобықты жабатын көк түсті шалбар,  белдемше клетка немесе көк түсті,  сарафан; бір түсті жағалы  блуза, джемпер, водолазка қанық түсті емес);

– Белдемше мен сарафанның ұзындығы тізеден 10 см биік болмау керек.

– Блузка күрте түрде тігілген жағалы;

– Колготттар   бір түсті қара, қоңыр, дене түсті, суретсіз;

– туфли  (каблуктың биіктігі болу керек: 1-4 сынып қыздарына каблуксыз, 5-9 сынып қыздарына  4 см артық емес, 10-11 сынып қыздарына 6 см артық емес

– бірыңғай көк түсті суретсіз  пуловер.