2020 жылғы 19 тамыз күні «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында мұғалімдердің педагогикалық кеңесі болып өтті.
Педагогикалық кеңес: ZOOM платформасында қашықтықтан өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әр өңірдегі санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
Қосымша білім беру ресурсы ретінде қазақ тіліндегі «Балапан» телеарнасынан теле сабақтар ұсынылатын болады.
Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталады. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі сабақтарға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып):
Барлық мектепті қашықтан оқыту кезінде бастауыш 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылады. Оқушыларды кезекші сыныпқа қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштері бойынша жүргізіледі.
«Кезекші сыныптарда» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі.
Балаларды оқытуға арналған өтініштер ата-аналардан қол жетімді байланыс құралдары арқылы 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында электронды түрде қабылданады.
«Кезекші сыныптарға» қабылдау жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығы негізінде 2020 жылғы 25 тамызда жүзеге асырылады.
25-27 тамыз аралығында «кезекші сыныптар» құрылады, әр сыныпқа бір мұғалім бекітіледі.
Педагогтер 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуға байланысты нұсқаулықтармен, ұсыныстармен таныстырылды.