2017-2018 оқу жылында мектебімізде деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс- тәжірибелерін мектептің даму жоспарымен үйлестіре отырып алмасу, әріптестерді жаңашылдыққа тарту үшін сертификатталған мұғалімдердің шығармашылық тобы құрылды.
Мақсаты: Мектептегі сертификатталған мұғалімдердің жұмыс жүйесін жүйеліп, тәжірибесімен бөлісу.
Үшінші базалық деңгей бойынша оқып шыққан мұғалімдер:
- Жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген сабақтар серияларын іске асыруға тиіс;
Екінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша:
- Менторинг пен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс;
Бірінші ( ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша:
- Мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдерінің тобын ұйымдастыруы;
- Білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс;
Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер ( жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуын жүзеге асырылады.
Мектебімізде барлығы сертификатталған мұғалімдер саны: Басшылардың курсынан өткен-1
Бірінші (ілгері) деңгейлі сертификатталған мұғалімдер-7
Екінші (негізгі) деңгейлі сертификатталған мұғалімдер-2
Үшінші (базалық) деңгейлі сертификатталған мұғалімдер-5
Мектебіміздің шығармашылық тобының құрылғаннан кейін, жоспар жобасы жасалып мектептің әдістемелік кеңесінде келісіліп, педагогикалық кеңесте бекітілді. Жоспар бойынша жұмыс жүйесін іс-әрекеттер, мерзімі, жауаптылар, нәтижесі , аяқтау формасы деп кезеңдерге бөліп, алғашқы отырыста барлық шығармашылық топ мүшелерімен кездесу жасалып, әр тоқсанда атқарылатын істермен таныстырылып, міндеттер бөлінді.
1-тоқсанда мектеп мұғалімдеріне арнап және де жаңадан келген мұғалімдерге тәлімгерлік іс-әрекеттер бойынша да әр мұғалімнің жұмыс жоспары қарастырылып Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспардың формасы анықталып, әр пән өз пәндеріне байланысты икемдеуді әдістемелік бірлестік жетекшілерімен іске асыру көзделді. Мектеп даму жоспарына сай іс-әрекеттерді ұйымдастыру, өткізу формаларымен таныстырылып семинар, коучинг және зерттелетін сыныптар анықталды. Сертификатталған мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында педагогикалық кеңеске дайындыққа жауаптылар анықталды. «Мұғалімнің дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» аясында жоспаралардың іс-шаралары, соның ішінде сабақ жоспараларын зерделеп қана қоймай, мұғалімдерге көмек ретінде бағалаудың тиімді-тәсілдері жадынамасы құрастырылып таратылды.
Бірінші жарты жылдықтың екінші тоқсанында толық менторлық жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырып таңдалған мұғалімдермен тәлімалушылардың қажеттіліктермен сұраныстарын қанағаттандыру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылды.
Биримжанова А.К.-Боранова Г.К, Осипова С.Е- Нурманова Ж.С., Жаменкенова Н.З.-Нургалиева Н.Ф., Байкадамова Г.П.- Ибрагимова Т.,Алатаева Д.Д- Абдулкаримова А.А., Ильясова Г.А.- Омарова Г.З.., Нурбаева Н.К.-Айткужиева Р.А., Ещанова Р.Т.- Абдуахитова Л.А. Менторлық жұмыстың жүйесі-бірізді. «Түзу ғылымнан, түзу ұстаздан тәлім алған тәлім алушы неге түзелмесін» атты айдармен жұмыс жасалынды
2-тоқсанда жоспараланған Мектеп коучтарының іс-тәжірибесінен….«Тәрбие жұмысындағы 7-модульдің», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» коучинг-сессиялары өткізілді. Қыруар іс-шаралардың көптігіне қарамастан, мұғалімдер тыңғылықты дайындықпен, қатысушылар қызығушылықпен жақсы дәрежеде өтті. Мектептің «шуақ» шығармашылық тобының қатысумен Республикалық семинарда « Мұғалімнің кәсіби өсуі» атты шебер –коучинг өткізілді (Биримжанова А.К., Жаменкенова Н.З.)
Мектеп мұғалімдеріне оқу мазмұнын ішінара жаңартуға байланысты сабақтың жаңашыл түрлерін, 7-модульді сабақтарға байланысты түрде кіріктіруге ,оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарының ара жігін ажырата білуге негізделген кеңестер, кәсіби әңгімелер жүргізілді. Осы тәлімгерлердің үйлестіруімен, басшылығымен және бағыт беруімен тәлімалушылар өз дәрежелерінде жақсы нәтиже көрсете алды. Бұдан алған қол жетекізген «Мен қалай өзгердім?» деген өздерінің жылдық есептеріне көмегі болды деп ойлаймын.
Жыл бойы жасалған жұмыстың ең ауқымдысы 2016-2017 жылғы мектеп даму жоспарына сай сыныпты бірлесіп зерттеу, тізбектелген сабақтар іс-шарасы болды. Бұл іс-шараға мектептің барлық мұғалімдерінің жартысы қатысты десе де болады. Себебі, бастауыш сыныптар , гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бағытында , яғни 3 блок бойынша толық қамтылды. Бастауыш сыныптарды Ильясова Г.А., гуманитарлық пәндерді Осипова С.Е., жаратылыстану пәнедерін Жаменкенова Н.З. мектеп директорының әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары Бримжанова А.К. жүйелі бағыт-бағдар беруімен табысты өткізілген шараның Республикалық кітап палатасына тіркелген ISBN нөмірі алынды.