Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі » КММ  оқушыларының мінез-құлық, жүріс-тұрысы, тәртіп сақтау ЕРЕЖЕЛЕРІ

                                                                                              «Бекітемін»___________________

Мектеп директоры: О.Б.Баяхметова

Пед.кеңес №1, 28 тамыз 2024 ж.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі » КММ  оқушыларының мінез-құлық, жүріс-тұрысы, тәртіп сақтау

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мақсаты мектепте әр оқушының сәтті оқуына,  тұлға мен оның құқықтарын сыйлауға тәрбиелеуге,  тәртіп мәдениеті мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал ететін  жөнді жұмыстық ахуал құру.

1.Жалпы ережелер.

1.1.Оқушы мектепке  мектеп формасын ұқыпты таза киініп, сабақ басталмас бұрын 10-15 минут ерте  келеді. Мектепке кірерде  сыпайылық ережелерін сақтап,  сырт киімін   киім шешу бөлмесіне шешіп,  аяқ киімін ауыстырады да,  сабақ болатын  бөлмеге барады.

1.2.Мектепке және оның ауласына  қару, жарылғыш немесе  басқа қауіпті  заттарды, спирттік ішімдіктерді, есірткі, темекі, басқа да  бас айналдыратын заттар мен уларды, газ баллоншаларын  қандай мақсатта болмасын алып келуге және қандай жолмен болмасын қолдануға тыйым салынады.

1.3. Сабақ және іс-шаралар уақытында  педагогтардың рұқсатынсыз мектеп пен оның ауласынан кетіп қалуға болмайды. Сабаққа келмеген жағдайда оқушы  сынып жетекшісіне сабақ қалдыру себебі жөніндегі дәрігер анықтамасын, отбасы жағадайына байланыста болса ата-анасының  түсініктеме хатын көрсетіп тапсыруы тиіс.  Себепсіз сабақ қалдыруға тыйым салынады.  Оқу-тәрбие үрдісі кезінде оқушы бір жері ауырып, өзін қолайсыз сезінген жағдайда мектептегі медицина қызметкеріне жолығуы керек. Медбике рұқсат етсе, үйіне қайтуына болады.

1.4. Мектеп оқушысы өзімен  қажетті оқу құралдарын, дәптерлерін, күнделігін алып келеді.  Мектепке сабақ кестесіне сәйкес  пәндер бойынша  үй тапсырмаларын орындап келеді.

1.5. Мектеп оқушысы  үлкендерге сый-құрмет, кішілерге қамқорлық көрсетеді. Оқушылар мен педагогтар  бір-бірімен әдепті сөйлеседі. Оқушылар үлкендерге, үлкен оқушылар – кішілерге, ұл балалар – қыз балаларға жол береді.

1.6.Мектептен тыс жерде  өздерін мектеп атына, өзінің ар-намысына кір келтірмейтіндей етіп ұстайды.

1.7. Оқушылар  мектеп мүлкін сақтап,  оны жөндеуге көмектеседі.  Өзінің ғана емес, біреудің мүлкіне де ұқыпты қарайды.

2. Сабақ уақытындағы  тәртіп.

2.1. Мұғалім сыныпқа кіргенде  оқушылар сәлемдесу белгісі ретінде  орындарынан тұрады.  Мұғалім амандасып, отыруға рұқсат берген соң оқушылар орындарына отырады.  Сабақ уақытында  сыныпқа кірген кез-келген үлкен адаммен  оқушылар осылайша амандасады.

2.2. Әр мұғалім  өз пәні бойынша сабақ өткізу барысында Қазақстан Республикасының заңдарына, мектептің нормативтік құжаттары мен ережелеріне қарама-қайшы келмейтін   ерекше  ережелер  енгізеді.  Ол ережелерді осы мұғалімнен білім алатын барлық оқушылар орындауға міндетті. 

2.3. Сабақ барысында шулауға,  сөйлесуге, ойнауға және сабаққа қатысы жоқ басқа нәрселермен айналысуға,  басқа оқушыларға кедергі келтіруге болмайды. Сабақ уақытын оқушылар тек қана оқу мақсатында пайдалануы тиіс.  Мұғалімнің  (сынып жетекшісінің) бірінші талабы бойынша  оқушы күнделігін беруі керек. Күнделіктегі барлық жазуларын оқушы ұқыпты орындауға тиіс.  Әр оқу аптасының соңында  оқушының ата-анасы күнделікті қарап, қолын қояды.

2.4. Сабақ кезінде оқушыға сыныптан шығу қажет болса,  ол қолын көтеріп, мұғалімнен рұқсат сұрауы керек.

2.5.  Оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе немесе мұғалім сұрағына жауап бергісі келсе, қолын көтереді. Сабақтың аяқталуы жөніндегі қоңырау (белгі)  мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақ аяқталды дегенде ғана оқушылар сыныптан шығуына болады. Мұғалім немесе басқа үлкен адам сыныптан шыққан кезде оқушылар орнынан тұрады.

3. Сабаққа дейінгі, үзілістер кезінде және сабақтан кейінгі тәртіп.

3.1. Сабақ басталғанға дейін:

бірінші, яғни ескерту қоңырауы соғылғанға дейін кабинетке келіп отыру;  бірінші қоңыраудан кейін келген жағдайда мұғалімнің рұқсатымен  сыныпқа кіріп, сабаққа дайындалу;

3.2. Үзілістер кезіндегі оқушылар міндеті:

өзінің жұмыс орнын тазартып, тәртіпке келтіру; сыныптан шығу;   дәлізде, баспалдақпен  жүру кезінде  оң жақты ұстану;  мектеп қызметкерлерінің, кезекші оқушылардың талаптарын орындау; мұғалім өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа әзірлеуге көмектесу;  сабаққа кешіккен жағдайда есікті қағып кіру, мұғаліммен амандасып,  кешіккені үшін кешірім сұрау және орнына отыруға рұқсат алу.

3.3. Үзілістер кезінде оқушыларға тыйым салынады:

   жүгіруге, баспалдақтардың, терезелердің жанында, басқа да ойнауға арналмаған жерлерде ойнауға, жүгіруге; бір-бірін итеруге, бір-біріне зат лақтыруға,  қандай да болмасын мәселені шешу үшін күш көрсетуге;  кез-келген адамға  әдепсіз сөйлеуге, әдепсіз қимылдар жасауға, шулауға,  басқалардың демалуына кедергі келтіруге, темекі тартуға.

3.4. Сабақ аяқталған соң:

кезекпен киім шешу бөлмесінен  киімін алып, ұқыпты киінеді де,  әдептілік ережелерін сақтап, үйіне кетеді.

3.3. Сыныптағы кезекші:

үзіліс кезінде сынып бөлмесінен табылады;  сыныптағы тәртіпті қамтамасыз етеді, терезені ашып, сыныптағы ауаны тазартады;  мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектеседі;  санитарлық жағдайдың талапқа сай болуын  қадағалап отырады.

3.4.   Мектеп асханасында  оқушылар:

 мұғалімдер мен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағынады; тағам сатып алу үшін кезекке тұрады; ыстық және сұйық тағамдарды алу және ішу кезінде  абай болып, қауіпсіздік ережелерін сақтайды; асханадан алған және өзімен алып келген тағам мен сусындарды тек асханада ғана ішіп-жейді;  тамақ ішіп болған соң  ыдыстарын жинап кетеді.

4. Қорытынды ережелер.

4.1.  Мектеп оқушыларының сабақты себепсіз қалдыруға құқығы жоқ.

4.2. Мектепте және оның ауласында, сонымен қатар  іс-шаралар өту кезінде  оқушылар өздерінің және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

4.3. Пән сабақтары немесе сабақтан тыс іс-шаралар аяқталған соң  мектеп қызметкерлерінің  рұқсатсыз  оқушылардың мектепте жүруге құқығы жоқ.

4.4. Осы ережелер мектеп пен оның ауласындағы, сонымен қатар мектеп ұйымдастырған барлық іс-шараларға  арналған.

4.5. Осы ережелер мен Мектеп Жарғысын  бұзған оқушыларға тиісті шаралар қолданылады.