Ата-аналарға жадынама

Құрметті ата – аналар!

         Бұл жаднама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:

1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;

2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;

3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;

4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;

5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;

6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)

7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.

Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!

 Балаға үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:

1.Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;

2. Егер балаңызға балабақша немесе мектептен алып кетуге басқа біреу келетін болса, алдын ала ескертіңіз;

3. Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;

 4. Егер баламен уақыт өткізу мақсатында бейтаныс адам тәттілер беріп танысуға ұсыныс білдірсе;

5. Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса.

 Бала келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:

1. Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;

3. Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.