17. 01. 2020 оқу жылында мектебімізде «Зиянды заттарды қолданудың алдын – алу » тақырыбында мектепшілік ата – аналар жиналысы өткізілді. Темекі өнімдерінің зияны туралы, соның ішінде шайнайтын темекі (снюс), электрондық темекі туралы айтылды.

Нақты зиянды әдеттерге тоқталатын болсақ, қазіргі кезде снюс көп қолданылады екен. «Снюс» дегеніміз не және несімен қауіпті? Снюс – бұл түтінсіз темекінің бір түрі. Снюстің басты қауіптілігі – оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы . Түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, снюстың құрамында оның мөлшері 250 милиграмға дейін бары анықталған. Бұл мөлшерден 100 есе көп. Снюс жасөспірімдер мен жастар арасында кең таралуда, өйткені оны қабылдаған кезде темекі сияқты иіс шығып, ата-аналарға байқалмауына байланысты.
Snus қалай пайдаланады: жоғарғы ерін астына қойып, соратын, орайтын Снюстің ағзаға зияндылығы:
бой өсуінің баяулауы және тоқтауы;
есте сақтау қабілеті мен назар аударудың концентрациясын нашарлауы;
ашушаңдық пен тітіркенудің жоғарылауы;
иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық ауруларға қарсы тұра алмауы;
ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулардың пайда болуы.
Сондай-ақ интернет желісінде, кюаркод арқылы, киви-әмиянмен тапсырыс беруге болады.
- Ата – аналарға ұсыныс, балаңызды назарыңыздан шығармау.
A man placing a snus under his lip. Snus, also commonly known as dip or chew, is a tobacco product that you use orally.