Аутодеструктивті мінез – құлықты қалыптастырудағы ықпал ететін факторларды алдын – алу

Аутодеструктивті мінез – құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез – құлық. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Енді осы аутодеструктивтік мінез – құлықтың негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ:

1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және  парасуицидалды). Суицид аутодеструктивті мінез – құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады.  А.Е. Личко  демонстративті, аффективті және шын  суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез – құлық – өз – өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.

2. Тағам қабылдауға тәуелділік немесе керісінше – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез – құлқының бұзылуы.

4. Аутистік мінез – құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан  көрінетін мінез – құлық. 

5. Виктимді мінез – құлық (ағылш. victim — құрбан) –адамның басқа біреудің   өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне  көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі  өз – өзін төмен бағалау, қарым – қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым – қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады.

  • Когнитивті қабілеттерінің төмендеуі. Бала әлеуметтік желідегі ақпараттың көптігі мен әртүрлілігінен зейіннің шоғырлануы төмендейді. Ойлау нақты бір тапсырманы орындай алмайды.
  • Ақпараттық тәуелділік. Интернеттегі әлеуметтік желілірдің көптігінен күнделікті, сағат сайын, тіпті әр сәт сайын ақпаратпен қамтамассыз етілуді әдетке айналдырады. Іс – әрекеті тұрақсыздана түседі.
  • Стресс және жоғары деңгейдегі шаршаңқылық. Әлеуметтік желідегі ақпараттардың әртүрлілігінен алған әсері үнемі өзгеріп отырады. Ал шаршаңқылықты компьютер алдында немесе смартфон ұзақ пайдаланудан, яғни қарапайым әзіл, сурет, кино көру барысында пайда болады.
  • Өз пікірінің жоғалуы, тұйықталу. Әлеуметтік желіде отырып, бір қарағанда ақылды, орында айтылған ақпарат оқыса, ол балаңыздың пайдалы интелектуалды іс – әрекетпен айналысып отырғанының білдірмейді. Бала сол ақпарттардың сүйемелдеуімен, пікірімен өмір сүре бастайды.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыру.

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.