1.Оптимист болыңыздар!
2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа сүйеңіз;
4. Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
5. Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие
6. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдық танытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
7. Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
8.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
9. Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
10. Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
11. Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
12. Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
13. Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
14.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
15. Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
Ұстаз….. жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі…., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…., жұрттың бәріне….жақсылық пен ізгілік көрсетіп… қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әбу Насыр әл-Фараби.
Орындаған мектеп жантанушылары : Бекбусинова Г.Г.
Жансугурова А. Д.