Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды виртуалды мұражайға саяхат жасау арқылы таныстыру.
Міндеті: Оқушыларға мұражайдың маржандарын, Ы. Алтынсариннің туған жерін көрсету.
Сынып: 7 А және 7 Б
Мұғалім: Кабдибекова М. Н., Бисенова А. Н.
Саяхат барысы: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайымен ауызша түрде таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы мәдениет жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің төрағасы Е. Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Мұражай ғимараты екі бөліктен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған.
Мұражайға саяхат: мұрайжайдың 1 қабатында оқушылар хаттармен танысты. Мұражай ішіндегі фотоларды қарады. Ы. Алтынсариннің «шариғат ислам» кітабымен, Орынбор парағы, Қырғыз газеті, Ғалия медресесін бітіргені жайлы куәлік, Балғожа бидің немересі Ы. Алтынсаринді Орынбор шекаралық комиссиясы жаңындағы мектепке қабылдау туралы Шығыс Орда сұлтанының хабарламасымен қысқаша танысты.
Мұражайдың 2 қабатында оқушылар Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың жеке заттарымен, еңбектерімен, Ы. Алтынсариннің ісін жалғастырған ғұламалармен танысты. Сонымен қатар оқушылар мавзолей жайлы ақпарат алды.
Ы. Алтынсариннің дүниеге келген жері Алтынсарин ауданы, Щербаков ауылдық округінен Сатай ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан Омар құдығымен танысты. Виртуалды музей арқылы оқушылар Ы Алтынсариннің өмірімен жақын танысып, Қостанайдың киелі жерлеріне саяхат жасады.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СПАНДИЯР КӨБЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ