Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31қазандағы № 689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген.
Осыған орай мектебімізде айтулы датаға арналған онлайн шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 2020 жылдың «Тіл мәселесі – ақын көзқарасымен» ақын Утелбаева Салтанатпен өткізілген онлайн кездесуге 8-11 сыныптың оқушылары қатысты. Кездесу барысында тіл тақырыбында өзекті тақырыптар қозғалды. Ақын апамыз өзінің шығармашылығындағы өлеңдерін оқыды, домбырамен ән шырқады. Кездесуге қатысушы оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына керекті жауаптарын ала алды. Кездесу қызықты әрі тартымды өтті. Ағылшын тілі мұғалімі ««Тіл-достық көпірі» мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Сондай-ақ мектептің инстаграм парақшасында «Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары» виртуалды шолу ұйымдастырылды.
