Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің реестрінде № 12651 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.