Мерзімі:қантар
Мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін “«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ 11.01.2021 жылғы № 4 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:
Алтай Қ.Т. – жұмыс тобының жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Биримжанова А.К. – директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Бейсенова Ж.М. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Талдау түрі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ қызметіне ішкі талдау.
Талдаудың мақсаты мен міндеті: қалыптасқан практикаларды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау жағдайлары мен себептерін анықтау.
Талдау кезеңі: 2020-2021 оқу жылының қыркүйек-қантар айлары
Жұмыс тобы екі бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.