19.09.2020 ж.
Күн тәртібі
1. Білім-тәрбие берудің қорытынды нәтижелері /мектеп директоры Балтабаева А.С./
2. 2020-2021 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.
/ҚК төрайымы Кудербекова А.С./
Қатысушылар: –
- Ата-аналар комитетінің мүшелері – 30 адам
- қамқоршылық кеңесінің мүшелері – 11 адам
- мектеп әкімшілігі – 2 адам
1. Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Балтабаева А.С. 2019-2020 оқу жылындағы мектептің білім-тәрбие берудің қорытынды нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының мақсат – міндеттерімен таныстырды. Жеке тұлға қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі. Оқу жылы барысында мектептің ішкі -сыртқы ағымдағы мәселелері төңірегінде әңгімеледі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы, мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берілді. Мектептің күнделікті қызметімен таныстырып өтті (жайы, қауіпсіз жағдай жасау, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру тәртібі, тамақтану, әлеуметтік-мәдени, сауықтыу, дамыту іс-шаралары туралы). Мектепті дамытудың басым бағыттарымен таныстырып өтті. Жалпы мектепте 706 оқушы оқуда,оқуға қамтылмай қалған ешбір оқушы жоқ.
Шешімі: мектеп директоры А.С. Балтабаеваның берілген есебі қабылдансын, берілген ақпаратына назар аударылсын. 2020-2021 оқу жылында қамқорлық талап ететін оқушыларға, отбасыларға шама келгенше көмек көрсету.
2. Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кудербекова А.С. 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің төрайымдарына қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы айтты. Кудербекова А.С. қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылады. 2019-2020 оқу жылында ата-аналар қоғамдастығы 3 қамқорлық акция өткізілді. Жиналған қаражат әлеуметтік қорғаудағы отбасындағы балаларға көмек ретінде тегін тамақтануға, киім, кеңсе тауарлармен қамтамасыз етуге жұмсалды.
Жалпы оқу жыл бойы көмек 25 оқушыға көрсетілді.
Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрайымы Кудербекованың айтқан ақпаратына назар аудару.
4.Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар ата-аналар арасында талқыланып, таныстырылды.
Шешімі: Жоспардағы іс-шаралар мерзімге сай орындалсын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Кудербекова А.С.
Хатшы: Койтбаева З.А.