Хаттама № 3

24.01.2020 ж.

Күн тәртібі

1. 1. Әлеуметтік  қорғаудағы отбасындағы оқушыларға көмек көрсетуге  арналған қамқорлық қордан жұмсалған қаражат туралы есеп.   /ҚК төрайымы Бексеитова Д.С. /

2. «Құқықтық тәртіп» рейдтері (мектеп инспекторымен бірге) /әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б./  

Қатысушылар: –  

  • Ата-аналар комитетінің мүшелері – 29 адама
  •  қамқоршылық кеңесінің мүшелері – 12 адам
  •  мектеп әкімшілігі  – 3 адам


1. Тыңдалды: 

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық Кеңесінің төрайымы  Бексеитова   сөйледі. Биылғы оқу жылында қамқорлық қорға қаржы жиналған жоқ,  сондықтан әлеуемттік көмек қажет ететін оқушыларға тегін тамақтану мен тағы да басқа көмек тек ғана демеушілер тарапынан көрсетілді.

Шешімі: Әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға көмек демеушілер тарапынан көрсетілсін.

2. Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектепің әлеуметтік педагогы Жаппасбаева Г.Б. сөйледі. «Құқықтық тәртіп» рейдттік шаралар өту барысында оқудан бас тартқан, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзу фактілер анықталған жоқ. Мектеп инспекторы 7-11 сынып оқушаларымен қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шешімі: Оқушылардың құқықтық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Ата-аналар балалардың кешкі уақытта қараусыз жүруін қадағаласын.

Қамқаршылық Кеңесінің төрайымы: Бексеитова Д.С.

Хатшы: Алтай Қ.Т.