Қамқоршылық кеңес отырысының

№ 5 Хаттамасы

Өткізілген күні: 07.04.2022ж

Қатысқандар: 11

  Жиналыс төрайымы – мектеп директоры А.С.Балтабаева

Жиналыс хатшысы– З.А.Койтбаева

  Күн тәртібі:

1.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды қала сыртындағы лагерьге жіберу үшін өзге санатқа ауыстыру туралы. Жауапты:     Әлеуметтік педагог    А.Н.Сулеймен.

                    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  әлеуметтік педагог А.Н.Сулеймен сөз алып, әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға мектеп жанындағы алаңға және қала сыртындағы лагерьге жолдама беру жайлы айтты. Мектеп жанындағы лагерьге жіберу үшін әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың тізімін қалыптастыру бойынша сапалы жұмыс ұйымдастырылуда. Бекiтiлген тәртiппен қала сыртындағы демалыс лагеріне жолдама беруге мектептің әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы балаларының тiзiмi бекiтілді: Молдашев К., Ерғали Н., Қали Жалғас., Нурлыбаева А., Абикенова А., Нурлыбаева Ж. Қала сыртындағы демалыс лагеріне және мектеп жанындағы алаңға тегін жолдамалар  беруге өтінімдер тек «Сакура: электронды мектеп» АЖ арқылы жүзеге асырылатыны ескерілді, өтінімдер 11 сәуірде беріледі. Бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін қала сыртындағы лагерьлер және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуды қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес өтініштер қаралатын болады. Молдашев К., Ерғали Н., Кубеков Е., Кубекова Я., Абикенова А., Нурлыбаева Ж. АӘК-тен өзге санатқа ауыстырылуы тиіс екенін айтты.

Қамқоршылық кеңесі төрайымы А.С.Кудербекова аталған оқушыларды өзге санатқа қосуға қарсы еместігін айтты.

Шешімі:

  • Молдашев К., Ерғали Н., Қали Жалғас., Нурлыбаева А., Абикенова А., Нурлыбаева Ж. АӘК-тен өзге санатқа ауыстырылсын.

                   Жиналыс төрайымы:                                  А.С.Балтабаева

                   Жиналыс хатшысы:                                    З.А.Койтбаева