Қостанай қаласы әкімдігінің №10 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап кезекші сынып өз жұмысын атқарып келуде. Кезекші сынып 1-3 сыныптар аралығында және даярлық топ бүлдіршіндері үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Жалпы саны 119 оқушы мектепке келіп, білім алуда. Оқушыларды ата-аналары міндетті түрде бетпердесін кигізіп, мектепке кіре беріс есігіне дейін алып келеді. Күнделікті оқушыларды термометрмен дене қызуын тексеріп, әрі қолдарын антисептикпен залалсыздандырады. Қоңырау уақытында оқушылардың қолдарын антисептикпен ылғалдандырып, үнемі сынып бөлмесін де ылғалды шүберекпен тазалау жұмысы жүргізіледі. Сабақ аяқталған соң, мектеп медбикесі сынып бөлмесін 20 минут ультра күлгін сәулесімен залалсыздандырады.Сонан соң сынып терезесін ашып, 5 минут таза ауа кіргізіп желдетеді. Сондай-ақ қазіргі таңда елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтық форматта оқыту жұмысы да жалғасын табуда. Қашықтықтан оқыту жəне сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді тəсілін таңдап, бейімделгендерін көрсетті.
https://www.instagram.com/tv/CI0vLUFgWQP/?utm_source=ig_web_copy_link