Ата-аналарға кеңестер:
- Күндерді санау бұл шешім емес. Балаға мектепке бару не үшін қажет екенін дұрыстап түсіңдіріңіз. Ертегі ойлап табыңыз. Оқу мен білімнің маңыздылығы туралы. Қиялға ерік беріңіз, сіздің қолыңыздан келеді.
- Қызыл шеңбер баланың өзі жасай алатын әрекеттер, ал сыртындағы бала үлкендердің көмегімен бірге жасай алатын істер.

Болашақта бала анасымен бірге жасаған істерді, өзі жасайтын болады. Бірге жасау аймағы- бала үшін алтын қормен тең. Бала белсенді түрде дамиды, өзіне сенімді болады. «Біз» емес, «сен» жасадың деп айту маңызды. Сенің қолынан келді.
- Ата-ананың баланың жанында үнемі болуы, әрекетіне араласу, шектен тыс қамқорлық көрсету-баланың «шеңберден» шығармай тастайды, осыдан кейін балада үнемі ата-анасының жанында болу қажеттілігі туындайды. Кейін бұл мектепке барғысы келмеуді тудырады.
- «Ата-ана- бала» ұстанымынан шығуға тырысыңыз. Басқару сөздері кейде қажет болуы мүмкін, тек баламен бірге іс-әрекетте емес. Тең болуға тырысыңыз. Бала үшін сіздің тыңдағаныңыз, сөйлескеніңіз, жауап бергеніңіз өте маңызды, сонда ғана оған сыныптастарымен араласуда қиындық туындамайды.
Ата-ана не істей алады?
- Баланың қателесуге құқығы бар екенін мойындау. Қателік жасаудан қорықпауға үйрету.
- Баланың өз-өзіне деген сенімділігіне қолдау көрсетіңіз. Барлық қиындықтарды жеңе алатынын және сізге сенім артуына болатындығын түсіндіріңіз.
- Баланың мүмкіндіктерін дұрыс жоспарлауға көмектесіңіз: көп жұмыс жасауын талап етпеңіз және оқуға деген жеңіл қарым-қатынасын жеңіл болмауын қадағалаңыз.
- Балаға көбірек көңіл бөліңіз, көбірек сөйлесіңіз.
Баламен қарым-қатынаста маңызды:
- Балаға оны қалай бар солай жақсы көретініңізді көрсету маңызды, жақсы көру оның жетістіктері үшін емес.
- Баланы ешқашан басқа балалармен салыстырмаңыз.
- Баланың барлық сұрақтарына шыдамдылықпен жауап беруге тырысыңыз.
- Баламен бірге болуға уақыт табуға тырысыңыз.
- Балаңызбен мақтанатыныңызды үнемі айтып отырыңыз.
- Балаға емес, іс-әрекеттеріне баға беріңіз.
- Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
- Кейде өзіңізді балаңыздың орнына қойып көріңіз.