БҰЙЫРАМЫН:
1. “Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“1) ақпараттық парақ – ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысуға өтініш беру кезінде ҰБТӨП немесе жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы және ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификатпен бірге, сондай-ақ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы беретін, таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес берілетін парақ. Ақпараттық парақ: мамандықтар тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.
2) базалық жоғары оқу орындары – КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-лар;
3) базалық ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;
4) бейіндік пән – тереңдетіліп немесе жоғары деңгейде оқытылатын оқу пәні, оның мазмұны бейіндік білім беру стандарттарына және бірыңғай бейіндік емтихандардың (немесе жоғары деңгейдегі таңдау бойынша бірыңғай емтихандардың) талаптарына сәйкес келеді;
5) бейіндік пән – мамандықтар пәні бойынша терең академиялық білімін, практикалық ұғынуын толығырақ бағалауға және тұрақтылығына бағытталған пән;
6) жалпы бейіндік пән – ұқсас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының базалық пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға бағытталған пән;
7) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ немесе КТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
8) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан немесе КТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;
9) желілік ЖОО-лар – КТ-ға құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар;
10) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – КТ-ға түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;
11) КТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін ЖОО-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бiр нысаны;
12) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
13) отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;
14) ҰБТ – жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) түсуге арналған іріктеу емтихандарының бiр нысаны;
15) ҰБТӨП – ҰБТ өткізу пункті;
16) шекті балл – Білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе ЖОО-ға ақылы негізде түсуге арналған тестілеудің әр пәні және барлық пәндері бойынша және кейбір мамандықтар мен ЖОО-лар бойынша жеке Үлгілік қағидалармен белгіленген балдардың минималды жиынтығы.”;