“Біртұтас тәрбие: нәтиже мен әрекеттер” С.Көбеев атындағы ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Койтбаева Тасты ауыл мектебінің тәрбие саласы мамандары үшін “Біртұтас тәрбие: нәтиже мен әрекеттер” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сыныпта тәрбие саласындағы басты нормативтік құжаттардың мазмұны, тәрбие жұмысын жоспарлау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, сынып жетекшілердің қызметі туралы ережеге сәйкес жұмыс түрлерімен таныстырылды. Сонымен қатар жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы Жаңа Қазақстан жастарының бойында патриоттық, адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мейірімділік сезімдерін қалыптастырудың жарқын үлгілері көрсетілді.

