Қостанай облыс әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі»КММ қамқорлыққа алынған “Амангелді ауданының Тасты жалпы білім беретін мектебімен” қала мен ауыл мектебі арасындағы байланысты нығайту барысында 21 қазан 2022 жылы ” Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудағы әдіс-тәсілдер” атты вебинар өткізілді. Вебинарды директордың ғылыми-әдістемелік ісінің орынбасары А.К.Биримжанова ашты.Өз тәжірибесімен химия пәнінің мұғалімі К.З. Канапиянов бөлісті. Вебинар соңында Тасты мектебінің мұғалімдері кері байланыста бүгінгі іс-шарадан әдістемелік көмек алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

