2019 жылғы қаңтардың 31-і күні 11 «Б» сынып оқушыланың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне өту – Руxани Тәуелсіздік алу!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауының тілге тиек етілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяны жүзеге асыру,құнды тарихи таңбаларымызды қайта жаңғырту.
Бұл кешке А.Байтұрсынов атындағы Қостанай гуманитарлық университеті студенттері,Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің студенттері, «Озат» мектебінің оқушылары мен ұстаздары, сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Кеш барысында латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Жастардың көбісі латын әліпбиін қолданатын шет тілдерін білуге ынталы, қоғамның компьютеризациясы, интернеттің қолданылуы, батыс мәдениетінің теледидар, кино арқылы ықпалы, еуропалық сапа, талап – осының бәрі біздің қоғамымызды латын әліпбиіне итермелейтіндігі туралы ой бөлісе келіп,кеш соңын пікірталас түрінде өрбітті.Кеш соңында пікірталас жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.