Акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
8 «Б» және 8 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, акция өткізілді. Оқушылар буфеттік тағамдарды «Сатушысыз дүкен» аймағы орналастырып, бағаларын белгіледі.
Акцияға 2-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар өздері сатушысыз буфеттік тағамдардарды алып, ақшасын арнайы жәшікке өздері төледі.
Акция аясында жиналған қаражат оқушылардың ұсынысымен қайырымдылыққа жұмсалады.
Акция наурыз айында жалғасын табады.
