Мектебімізде 2018-2019 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмыс жоспарына сәйкес қантардың 28.01.-01.02.19 ж. аралығында 2-4 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында театрлық қойылым қойылды.
Мұнда 2 «А» сыныбы сахнада «Әлем баланың көзіміен» атты қойылымды көрсетті.Олардың ойнап шыққан рөлдерінен бала көңіл,әлі ешқандай жамандықты байқамайтын, не бар соны қаз –қалпында көретіндіктерін байқатты.
2 «Б» сыныбы «Адалдық әлемде» атты көрініс көрсетті.Мұнда оқушылар біреудің затын рұқсатсыз алмау керек екені жайлы өз бастарынан кешкен оқиғаны көрсетті.Мұнда бір оқушы сыныпта жұрттың бәрі қоңырауға шығып кеткенде өзінің қасында отыратын оқушының қаламын сөмкесін алып қояды. Ал оны қасындағы оқушы көреді, бірақ бұл жағдайдың дұрыс емес екенін ескертіп алдын алудың орнына оған көмектесіп, одан әрі жамандыққа жетелегені анықталады.Соңы үлкен жиналыс пен аяқталады.Осыдан соң олар осыны талқылады.
2 «В»сыныбы «Мен адал болғым келеді» тақырыбында өз қойылымдарын көрсетті.Мұғалімнің жасаған сценнарийі бойынша керемет нанымды шықты.
3 «А» сыныбы «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты қойылым шығарды.Жалпы мазмұны егер оқушы жалқау болса, онда ол өзі ештеме жасамайды, бірақ біреудің есебінен күн көргісі келетінін ,кейіннен бұл ұрлыққа, одан сыбайласуға әкеп соқтыратыны жайлы болды.
3 «Б» сыныбы оқушылары флешмоб түрінде жемқорлық әрекетін көрсетсе ,ал 3 «В» сыныбы оқушылары «жемқорлық індет, жою міндет» деп акция түрінде шығарды.
4 сыныптар бірігіп, «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында қойылым қойды. Жалпы 2-4 сынып аралығындағы осы қойылымдар бала көңілімен шынайы ойналып шықты.