«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым бағдарламасы» жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
2019 жылдың 27 ақпан күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ «Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді.
Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін көтеруге ықпал ететін жағдай жасай отырып, ғылыми және жобалау іс-әрекетіне баулу, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту.
Конференцияға Қостанай қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасынан 90-нан аса оқушы қатысты.
Конференция 3 бөліктен тұрды: пленарлық бөлім, секциялық жұмыс, жабылу салтанаты.
Пленарлық бөлімде өз ғылыми зерттеу нәтижелерімен №24 мектеп-гимназиясының оқушысы, №10 орта мектебінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бөлісті.
Конференция қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика, информатика, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, биология, химия, ағылшын тілі, Жер және ғарыш туралы ғылым, психология секциялары бойынша мемлекеттік тілде жұмыс істеді.


