“Мектепке жол” акциясын ұйымдастыру

Бүгінгі таңда әрбір бала өзіне қажетті білім алуға құқылы. 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізуді бастаған болатын.

           Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету.

         Осы мақсатта 7- шағын ауданында орналасқан №10 орта мектебімізде «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік педагог:  Жаппасбаева Г.Б.

№ 6 кабинет.