Ата-аналар комитетінің жалпы жиналысы

      2019 жылдың «17»  қыркуйегінде мектепте  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ата-аналар комитетінің жалпы жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау  мәселесі кеңімен қарастырылды. Жиналысқа  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ білім беру қызметінің сапасын ішкі бақылау секторының меңгерушісі  Ибрагимова Бағила Нуралиновна, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бексеитова Д.С. қатысты.  Бірінші сөзде мектеп директоры Балтабаева А.С. ата-аналарға  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектептің жұмыс жүйесімен, заңнамалық құжаттармен  таныстырып өтті.  Қалалық білім бөлімінің  өкілі Ибрагимова Б.Н. ата-аналарды қала білім бөлімінің № 1131 және № 1170 бұйрықтарымен  таныстырды, сонымен қатар  ата-аналарды   мектепте сыбайлас  жемқорлық  істеріне жол бермеуін өтінді. Мектепте қайырымдылық көмектен өзге мақсаттарға қаражат жинауына тыйым салынады,мұғалімдер,  ата-аналар комитетінің мүшелері және қамқоршылық кеңес мүшелері заңсыз ата-аналардан қаражат жинауға құқықтары жоқ деп түсіндірді.