«Қарттарым – асыл қазынам»

1-қазанда әр жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани іс-шара өткен болатын. Аталмыш іс-шараға бірнеше ата-әжелер мен мектептің ардагер ұстаздары  қатынасты. Танымдық іс-шарамыз мектеп басшысының құттықтау тілегімен басталып, үлкендеріміздің батасымен жалғасын тауып, ары қарай жақсы бір есте қаларлық көңіл күй сыйлар мерекеге ұласты.