2019 жылдың 14.10.-18.10.19 аралығында Күз мерекесіне
арналған іс- шаралар ұйымдастырылып, жоспар бойынша өткізілді.
Мақсаты: кіші топтағы, бастауыш сынып оқушыларын күз әлемінің ерекшеліктерімен таныстыру, орта буын, жоғары сынып оқушыларының табиғатты аялап, күтуге баулу, экологиялық білімдерін арттырып, оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту.
МДС және 1 сынып оқушылары үшін Т.Нұржанова «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» сурет, қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге барлығы 65 жұмыс ұсынылды. Тәрбиеленушілер мен оқушылар табиғи материалдардан, жеміс-көкөністерден түрлі бұйымдар мен композициялар жасады. Күзгі пейзажды суреттеді. Көрме байқауы қорытындысы:
№ | Сынып | Орын |
1 | МДС «Б» | Бас жүлде |
2 | 1 «А» | 1 |
3 | 1 «Б» | 1 |
4 | 1 «В» | 2 |
5 | МДС «А» | 2 |
6 | 2 «Б» | мадақтама |
2-4 сыныптар үшін С.С.Досмаилова топтық сайыс түріндегі іс-шараны өткізді. Сайысқа 2-4 сыныптардың құрама командалары қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Топтар кезең тапсырмаларын бірлесе орындап, сайыс кезеңдерінен сүрінбей өтті. Сайыс қорытындысы бойынша топтар марапатталды. Сайыс барысында өнерлі оқушылар өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
5-7 сыныптар арасында өткен «Күз аруы-2019» сайысының қорытындысы:
№ | Сынып | Орын |
1 | 6 «В» | Бас жүлде |
2 | 6 «Б» | Номинация |
3 | 6 «А» | Номинация |
4 | 5 «А» | Номинация |
5 | 5 «В» | Номинация |
6 | 7 «Б» | Номинация |
8-11 сыныптар арасында өткен «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауының қорытындысы:
№ | Сынып | Орын |
1 | 9 «А» | Бас жүлде |
2 | 11 «А» | Номинация |
3 | 8 «А» | Номинация |
4 | 8 «Б» | Номинация |
5 | 9 «В» | Номинация |
? ?