Құқықтық тәрбие беру – баланың өз құқықтарын білу

Азаматтық құқықтық сезімі мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы мектебімізде өткізілуде. Айлықтың  мақсаты оқушылардың оқу процесі кезінде және сыныптан тыс қызметі аясында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заңды тәртіпке жеке-саналы талпынысты дағдыландыру, ұлттық сана-сезімін дамыту.   Айлық өту барысында  өткізілген  1-11 сынып оқушыларға арналған алдын алу күндері (заңгерлердің, құқық қорғау органдарының қатысуымен) оқушылар мен ата-аналар арасында ҚР Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерін, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін (ҚР заңнамасының нормаларын) түсіндіру дәрістер мен сұхбаттар өткізілді. «Мен және Қазақстан Конституциясы», «Менің құқықтарымның әлемі» зияткерлік ойындар 1-6 сыныптардың арасында,  «Менің құқығым бар» құқық білгірлері викториналар мен турнирлер, тренингтер 7-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді.   Оқушыларға арналған «Сенің құқықтарын және міндеттерін»,   «Балалардың құқықтарын  қорғайтын заңнамалар» тақырыбтарында дәрістерді оқуға кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторларды, заң қызметінде жұмыс істейтін  қызметкерлерді, ата-аналарды қатыстырдық. Іс-шаралар  оқушылардың көңілінен шықты,  алдағы уақытты ата-аналармен  тығыз байланыста болып бірнеше шара өткізуді жоспарлап отырмыз.