«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жоспарға, «Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасынасәйкес, кіші Отанымыздың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Саяхат мақсаты – Қазақстанның, соның ішінде Қостанай облысының киелі, көрікті, тарихи-мәдени орындарының тарихымен танысу. Қаламыздағы Ы.Алтынсарин және облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа шыққан 9, 10, 11 сынып оқушылары саяхатта алған әсерлерімен бөлісіп, өз шығармашылығымен эссе жазды.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СПАНДИЯР КӨБЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ