Мектебімізде Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мектептің кітапханасында “Тұңғыш Президент еңбектерімен танысу” бұрышы рәсімделді. 6 сынып жетекшісі Какимова Баян Дулатовна оқушылар үшін қазақтың көрнекті ақыны, әдебиеттанушы ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қостанай қаласының құрметті азаматы» Оспанов Серікбай ағамыздың қатысуымен ашық түрдегі іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шарада Тұңғыш Президенттің өмірбаяны, еңбектері туралы бейнебаян көрсетіліп, көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар Оспанов Серікбай ағамыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы жазған шығармалары, мақалалары, еңбектері туралы өз аузынан естіп білді. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Тек ақындықпен ғана айналыспай, зерттеушілікті де қатар алып жүрген Серікбай аға оқушыларға ақыл-кеңесін беріп, елімізді биікке көтерер білікті де білімді, тәрбиелі де саналы болып өсіп-жетілулеріне өзінің тілегін білдірді.
