Койтбаева З.А.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мақсаты: Мектепте тамақтану жүйесін ұйымдастыру мен мектеп асханасының оқушыларды тамақтандыру сапасын бағалау.
Мерзімі: 25.09.2019 жыл.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының 43-ші бабының 3 тармағының 11 тармақшасына, 45 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 48 бабына сәйкес, ҰҰБ Балалар құқықтары Конвенциясының 24 бабына сәйкес мектепалды және 1-11 сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі №383 бұйрығы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды жүйелеу мақсатында 2019 жылдың 28 тамызы күні өткен №1 Педагогикалық кеңесте «Мектеп асханасында тамақтану ережесі» бекітілді.
ЖК Хоменко Л.В. мен мектеп арасындағы іс-әрекеттер 2019 жылдың 18 наурыз күні жасасқан №37 келісімшартына сәйкес реттеледі.
2019-2020 оқу жылы бойынша мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 31. Тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын әлеуметтік педагог Жаппасбаева Г.Б. бақылайды.
Мемлекеттік бюджет есебінен тамақтанбайтын оқушылар, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» белгілеген баға бойынша күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі:
6 (7)-10 жас – 222 тг;
11-14 жас – 235 тг;
15-18 жас – 257 тг.
Ыстық тамақпен қатар буфеттік тағамдар сатылады. Бір реттік буфеттік тағамның орташа құны ;
Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.
Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін кіші әкімшілік қатарынан кезекшілік құрылған.
Мектеп асханасында 300 орын бар. Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі санитарлық талапқа сай.
Оқушыларға берілетін тамаққа күнделікті бақылауды медбике К.Н.Абдигалиеважүргізеді және нәтижесін келесі журналдарға енгізеді: «Азық-түлік бракераж журналы»(Журнал бракеража пищевых продуктов и продовольственного сырья), «С-витаминизация журналы», «Дайын тамақтың сапасын бақылау журналы».
Мектеп асханасының жұмысын бақылау және оқушылардың тамақтану деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында 2019 жылдың 2 қыркүйегі күнгі «2019-2020 оқу жылында бракераждық комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы» №387 бұйрығына сәйкес Бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылды.
Комиссиялардың құрамына ДТІЖО, ата-аналар комитетінің төрайымы, әлеуметтік педагог, медбике, мектеп кәсіподағының төрайымы кіреді. Комиссияның жұмысы Бракераждық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Бракераждық комиссия айын 2 рет асхана жұмысын бақылап, нәтижесі акт түрінде рәсімделеді.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу көлеміне мониторинг жүргізіліп отырылады
2018-2019 оқу жылы бойынша оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу көлемі
№ | Буын | Ыстық тамақпен қамтылу пайызы |
1 | Бастауыш сыныптар | 100 |
2 | Орта буын сыныптары | 100 |
3 | Жоғары буын сыныптары | 100 |
Мектепте сумен қамтамасыз ету жүйесі 2019 жылдың 02 қыркүйегіндегі № 412 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған. Асханада қайнаған су қойылған және көп рет қолдануға болатын стақандар.
Ұсыныстар:
- Сынып сағаттарында салауатты тамақтанудың пайдасы кеңірек қарастырылсын.