«Мен OFFLINE»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ-де Халықаралық  интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы іс-шаралары өткізілді. Акцияны өткізу тұжырымдамасына сәйкес 1-4 сынып оқушыларына «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы, ал 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Үздік жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. 1-11 сынып оқушылары үшін «Мен OFFLINE» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, интернетке тәуелділіктің зияны және алдын алу туралы ақпараттар беріліп, оқушыларға бос уақыттарын шығармашылықпен өткізуге ұсыныстар берілді.