Адам қанша жыл өмір сүрсе де, адам өміріндегі ең қызықты сәттері – мектепте өткен уақыт, естен кетпес тәтті естеліктер. Ал сынып жетекші – оқушылардың мектептегі «ата-анасы».
Мен осы мақаламда Қостанай қаласындағы №10 орта мектебінің 10 “А” және 10 “Б” сыныбы жайында айтып кетпекшімін. 10 “А” сыныбының сынып жетекшісі ретінде мен Нургалиева Наурызгуль Фазылжановна және 10 “Б” сыныбының сынып жетекшісі Өсіп Ерсін Қазтайұлының осы сыныптарға жетекші болып жүргенімізге алты жылдың көлемі болды. Мектепішілік және қалалық сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатысып жүрген бұл оқушылар ауыз толтырып айтарлықтай біраз жетістіктерге қол жеткізді. Алдағы уақытта қандай да бір мамандыққа тоқталып, таңдау жасау керектігін ұғынған мектеп оқушылары жыл бойы түрлі мекемелер мен жоғары оқу орындарына барып, өздеріне қажет ақпараттарды алуда. Соның бір жарқын дәлелі ретінде 10 сынып оқушыларының 15-ші ақпанда сыныптан тыс уақытын сынып жетекшілерімен әскери бөлімшеде өткізгенін атап өткім келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» бағыты бойынша «Тәжірибе алаңындағы» бұл саяхат саналы ұрпақты тәрбиелеуде, мамандықты таңдауда дұрыс бағыт-бағдар береді деген ойдамын. Батальон командирінің орынбасары, тәрбие және әлеуметтік құқықтық жөніндегі 6697 әскері бөлімінің капитаны, Аблайсов Дәулет Қалдарбекұлы оқушыларға автоматтарды қалай бұзып қайта құрастыру керектігін көрсетті. Әскери адамдардың әскери бөлімшеде күнделікті жұмыс күндері қалай өтетінімен танысты. Оқушылар иттердің қаншалықты иіс сезгіш болатынын көрді. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына керекті жауаптарын ала алды. Әскери бөлімшедегі саяхат қызықты өтіп, оқушылардың көңілінен шыққандығын тілге тиек ете отырып, №6697 әскері бөліміне Қостанай қаласындағы №10 орта мектебіміздің атынан алғысымызды білдіреміз.
Авторы: Нургалиева Наурызгуль Фазылжановна
Қостанай қаласы, №10 ОМ мұғалімі




